Қаржылық қадағалау агенттігі сақтандыру компаниялары үшін консервация тәртібін орнату қажет деп санайды

None
None
АСТАНА. Қазанның 15-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  -  Еліміздегі сақтандыру компаниялары үшін консервация тәртібін орнату қажет.

 Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің төрайымы Елена Бахмутова мәлім етті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Агенттік төрайымының  айтуынша, сақтандыру компанияларына арналған консервация  қаржылық нормативтердің бұзылуы жағдайында шапшаң шараларды қамтамасыз ету үшін керек. «Бұндай норманың қажеттілігі зор. Мәселен, соттың істерді қарауы барысында сақтандыру ұйымдарының қаржылық жағдайы айтарлықтай нашарлап кетуі мүмкін. Ал бұдан көбінесе сақтандырушылар жапа шегіп жатады. Тіпті, сот істі қарап, шешім шығарып болғанынша, сақтандыру компаниясына тиесілі активтерден түк қалмауы мүмкін, сөйтіп сақтандырушылардың төлемі өндірілмей қалады», деді Е. Бахмутова.

Оның пайымдауынша, бұндай норма банктік және зейнетақы секторындағы консервация жүргізу тәртібіне ұқсас болып табылады. Ал консервацияның негізгі мақсаты бойынша сақтандыру компанияларының активтері ең алдымен сақтандыру төлемдерін жасау үшін Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің бақылауында болады.

Соңғы жаңалықтар