+7 (701) 759 90 19
USD 399.51 EUR 447.33
RUB 5.78 CNY 56.10
Jańalyqtar

Қаржылай тұрақтылық қоры дағдарыс кезінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді – Ахметжан Есімов

2020 жылғы 3 сәуір 09:00
Бөлісіңіз:
Қаржылай тұрақтылық қоры дағдарыс кезінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді – Ахметжан Есімов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Еліміздегі және Орта Азиядағы ең ірі жұмыс беруші компаниялардың бірі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ дағдарыс кезінде Қорға қарасты компаниялар тобында жұмыс орындарын сақтап, өндірістердің тоқтап қалмауына баса көңіл бөледі. Бұл туралы Дағдарысқа қарсы штабтың онлайн отырысында Қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Штаб отырысында белгілі болғандай, 2019 жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Ұлттық компаниясы оң қаржылай нәтиже көрсеткен. Осылайша, соңғы екі жылда жиналған қаржылай тұрақтылық қоры «Самұрық-Қазынаға» дағдарыс кезінде қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Штабтың онлайн отырысында Ахметжан Есімов 2019 жылы негізгі өндірістік индекаторлар бойынша жоспарлы нәтижелер орындалғанын, ал, дағдарыс кезінде ең бастысы жұмыс орындарын сақтап қалуға баса назар бөлу керек деп атап өтті.

«Соңғы екі жылда Қор сыртқы қарызын мерзімінен бұрын төлеп, 8 млрд АҚШ долларына қысқартты. Қазіргі ресми валюта бағамын есепке алсақ, біз валюта бағамына қатысты тәуекелді 1 трлн теңгеге дейін үнемдедік. Бұл өз кезегінде біздің компанияларға дағдарыс кезінде штатты режимде және өндірісті тоқтатпай, жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Ұлттық экономиканың ең негізгі салаларындағы ірі компаниялардың барлығы, атап айтсақ, мұнай, электроэнергетика, уран сияқты саладардағы компаниялар тұрақты жұмыс істеп тұр», - деді Ахметжан Есімов.

Сонымен қатар, отырыста белгілі болғандай, қазір Қытаймен арадағы теміржол контейнерлерінің тасымалы қайта жандана бастаған. Жуық арада Қытайдан Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін Еуропа елдеріне деген транзиттік почта тасымалы жанданады деген болжам бар. Қор төрағасы өз кезегінде «Қазақтелеком» АҚ желілеріне түсетін салмақ 30 пайызға көбейгенін атай келе, бұл компания көрсетіп жатқан қызмет көлемін ұлғайып жатқанын көрсетеді дейді.

«Негізгі стратегиялық салалардағы, мәселен, энергетика, байланыс, логистика бағытындағы Қордың компаниялары дағдарыс олардың экономикасына ең минималды түрде әсер етуі керек екенін еста сақтасын. Ең бастысы – жұмыс орындарын сақтау. Орталық Азиядағы ең ірі жұмыс беруші компаниялардың бірі ретінде Қор бұл міндетті ең сапалы мақсат деп есептейді. Қазіргі дағдарыс жағдайында бұл міндеттің мәні артып отыр», - деді Ахметжан Есімов штабтың онлайн отырысында.

Мемлекет басшысының экономиканы тұрақтандыру жөніндегі жарлығын орындау үшін «Самұрық-Қазына» қоры дағдарыс кезінде қазақстандық компанияларға қолдау білдіру бағытында тиісті шешім қабылдаған. Мәселен, Қор отандық тауар өндірушілердің сатып алуға қатысудағы мүмкіндіктерін кеңейтті. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға алып отырған 9000 кәсіпкерге жалға алу ақысын ешбір айыппұлсыз 1 маусымға дейін шегерді. Бұл шара жалпы саны 37 мың адамды көмекпен қамтып отыр. Бұнымен қатар, Қор Ішкі істер министрлігіне, Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне бас-аяғы 6 млн дана жеке қорғану құралын сатып алу үшін қаражат бөлген.

Бірден айта кету керек, Қазақстанда Covid-2019 вирусының өршуіне байланысты, дағдарысқа қарсы штабтың онлайн отырысында Қорға қарасты қоржындық компаниялардың жетекшілері Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовке компанияның қызметкерлері коронавирустан қалай қорғанып жатқаны туралы ақпарат берді. Мәселен, Қорға қарасты әрбір қоржындық компанияда төтенше жағдайды басқару жөніндегі штаб құрылған, іс-әрекеттер алгоритмы мен әрекет ету жоспары бекітіліп, кеңседегі қызметкерлердің басым бөлігі қашықтан жұмыс істеуге ауысқан. Айта кетейік, коронавирус инфекциясына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстанның барлық аумағында 2020 жылдың 16 наурызы, сағат 8.00-ден бастап, 2020 жылдың 15 сәуір сағат 7.00-не дейін төтенше жағдай енгізілген.

Естеріңізге сала кетейік, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып саналатын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 2008 жылы құрылған. 2019 жылдың бірінші жарты жылдығындағы мәліметке сәйкес, шамамен 68 млрд долларды құрады. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының» компаниялар тобына мұнай-газ, көлік-логистикалық, химия және атом өнеркәсібі, тау-металлургия кешені мен энергетика саласындағы кәсіпорындар кіреді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT