Қаржы саласының бірқатар қызметкері марапатталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов бірқатар қызметкерін марапаттады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік тің бірқатар қызметкерлері ҚР Президентінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 207 Жарлығы бойынша «Құрмет» орденімен, Қазақстан халқының игілігі үшін көп жылғы және нәтижелі қызметі үшін ҚР Премьер - Министрінің алғыс хатымен, сондай-ақ Жоғарғы Еуразиялық одақтың шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Қаржы министрлігінің медальдарымен марапатталды.

Тәуелсіздік жылдары Мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік бюджетті толықтыруға және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосты.

Соңғы жаңалықтар