Қаржы полициясы органдары 3379 үлескерге залал келтірген 13 құрылыс компаниясының 15 басшысына қатысты 22 қылмыстық іс қозғады

None
None
АСТАНА. Қазанның 7-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Жыл басынан бері Қаржы полициясы органдары 3379 үлескерге залал келтірген 13 құрылыс компаниясының 15 басшысына қатысты 22 қылмыстық іс қозғады.

 Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарайды  ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, келтірілген залал сомасы 14 млрд. 400 млн. теңгені құрайды. Оның 1 млрд. 900 млн. теңгесі өтелген. Атап айтқанда, 68 жылжымайтын мүлік нысанына, 87 жер учаскесіне және 26 автокөлікке пайдалануға тыйым салынған.

Құрылыс компанияларының 8 басшысына қатысты 6 қылмыстық іс сотқа жолданған. 11 құрылыс компаниясының 16 басшысы сотталды. Алматы қаласында 12 жыл бостандығынан айыруға «BS-Group" ЖШС директоры және құрылтайшысы Поминов, 11 жыл бас бостандығынан айырылған кәсіпорынның тең құрылтайшысы Халиулин, ал олардың сыбайластары Макуха мен Мунгатов әрбіреуі 7 жылдан бас бостандығынан айырылды. Олар 155 үлескердің 1 млрд. 100 млн. теңгесін ұрлаған. Залалды өтеу мақсатында 673 млн. теңгенің  мүлкі тәркіленді.

Соңғы жаңалықтар