Қаржы полициясы қызметкерлері арасында мемлекеттік тіл бойынша шығармашылық сайыс өтті

None
None
АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Астана күні мерекесі аясында және мемлекеттік тілді дамыту міндетіне орай Қаржы полициясы агенттігінде жұмыс істейтін өзге ұлт өкілдерінен тұратын қызметкерлер арасында шығармашылық сайыс өткізілді. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметінен хабарланды.

Шығармашылық сайыстың жеңімпаздарын анықтау барысында сайысқа қатысқан қызметкерлердің жазған шығармалары ғана қаралып қоймай, аталмыш қызметкерлердің 2013 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңде мемлекеттік тілде әзірлеген құжаттарына талдау жасалды.

Нәтижесінде, Агенттіктің Сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және оның алдын алу департаментінің инспекторы Илья Скуб - 1 орынды, Ұйымдастыру-бақылау департаменті-инспекциясы кезекші бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы Денис Водилов - 2 орынды, Арнайы департаменттің аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы Роман Лагутин мен Экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу департаментінің инспекторы Леонид Ким - 3 орынды иеленді. Сайысқа қатысушылар шығарма жазуда жүлделі орындарға ие болғаны, мемлекеттік тілде құжат айналымын арттыруға қосқан үлесі үшін Агенттік Төрағасының грамоталарымен марапатталады.

Соңғы жаңалықтар