+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Қаржы полициясы Қазақстандағы жемқорлық жайлаған мемлекеттік органдарды атады

2014 жылғы 26 маусым 16:50
Бөлісіңіз:
Қаржы полициясы Қазақстандағы жемқорлық жайлаған мемлекеттік органдарды атады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ұйымдастыруымен

«Жемқорлыққа қарсы күрес механизмдері» конференциясы өтті.

Шара барысында Алматыда ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Андрей Лукин жемқорлық жайлаған орындарды атап өтті.

Оның айтуынша, жемқорлық індеті барлық мемлекеттік органдарды жайлаған.

«Салық органдарында, кеден органдарында, жер мәселелері мен мемлекеттік сатып алу жүйесінде жемқорлық деректері жиі кездеседі», - деді ол.

Сондай-ақ, конференция барысында қаржы полициясы өкілі Андрей Лукин Қазақстан заңнамаларын БҰҰ конвенцияларында көрсетілген нормаларға сәйкестендіруге барынша күш салынып жатқанын атап өтті.

«Осы бағытта ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Бүгінгі конференцияда жемқорлыққа қарсы күрес механизмдері жан-жақты талқыланады деген үміттемін» - деді А.Лукин.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған конференция халықаралық «Трансперенси Интернэшнл» ұйымының жемқорлықты қабылдау индексін есептеу әдісін үйренуге, Қазақстанның аталған рейтингтегі өз позициясын көтеру үшін жасалып жатқан шараларды пысықтауға мүмкіндік бермек.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT