Қаржы полициясы агенттігі мен Ішкі істер министрлігі арасында толық түсіністік орын алған - ІІМ

None
None
АСТАНА. Қазанның 7-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қаржы полициясы агенттігі мен Ішкі істер министрлігі арасында толық түсіністік орын алған.

Бұл туралы бүгін Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде өткен брифингте Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күрес әрбір мемлекеттік органның міндеті болып табылады. Бұл бағытта Қаржы полициясы агенттігі мен Ішкі істер министрлігі арасында толық түсіністік орын алған. Ішкі істер министрі Баймағамбетов пен Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Қожамжаров ұйымдасқан қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша бірқатар ортақ бұйрықтар мен жоспарларға қол қойды»,  -  деді баспасөз хатшысы.

Кейбір жеке жағдайларда облыстарда жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру кезінде түсінбестік жағдайлар орын алатынына тоқталған ол, «бұл жағдайлар кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында екі ведомство арасындағы қақтығыс ретінде көрсетіледі. Бұл шындыққа сәйкес келмейді»,-деді.

 «Мұндай түсінбестіктің орын алуы себептерін анықтау және оларды жою мақсатында қызметтік тексеру жүргізу үшін ІІМ-нің ішкі істер қауіпсіздік қызметкерлері мен қаржы полициясы қызметкерлерінен ведомствоаралық топ құрылды», - деді Қ. Жұманов.

Осы орайда ол аталған тексерістің нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетінін айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар