Қаржы полициясы 6 млн. теңге пара алған шенеуніктің үстінен қылмыстық іс қозғады - ОҚО

None
None
АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы 23 мамырда Қаржы полициясы агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі Құрылыс басқармасы бастығының орынбасары А.Орманчинаға қатысты қылмыстық іс қозғады.

Ол 2013 жылдың 24 сәуір мен 3 мамыр аралығында бопсалау арқылы тұтынушы кооперативі директорынан облыстың аудандарында 3 емхана мен 1 мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңімпаз атану үшін 6 млн.теңге пара алды деп күдіктелуде.

Қазіргі уақытта бұлтартпау шарасын тағайындау мәселесі шешілуде, деп хабарлады Қаржы полициясы агенттігінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар