Қаржы пирамидасының белгілері бар тағы бір компания анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақмола облысында қаржы пирамидасының белгілері бар «River Coins Limited» компаниясы анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қаржы пирамидалары қомақты соманы салуды талап етеді және қосымша қаражатпен қоса, қысқа уақыт ішінде қайтаруға кепілдік береді.


Бұдан басқа, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің азаматтардан ақша тартуға лицензиясының болмауы қаржы пирамидасының маңызды белгісі болып табылады.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері «River Coins Limited» компаниясына қатысты 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың мамырына дейін ақшаны заңсыз тарту дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеруді бастады.

Тергеу компанияда спираль қағидаты бойынша төлемдер жүйесі бар екенін анықтады. Бірінші деңгейдегі салымшылар жаңа салымшылардан түсетін жарналарды қайта бөлу есебінен сыйақы алып отырған,

«River Coins Limited» компаниясы ҚР аумағында кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркелмеген, банк операцияларын жасауға – қаражат тартуға және сыйақы төлеуге лицензиялары мен рұқсаттары жоқ.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар