Қаржы пирамидасына қатысты екі вайнер кепілмен босаған, үшіншісі шетелде қашып жүр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаржы пирамидасын жарнамалаған блогерлер ісі жақын арада сотқа жіберіледі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Astex.kz» ЖШС, «ACD technology» ЖШС және «Mudarabah Capital» ЖШС қаржылық пирамидалар желісінің қызметінен зардап шеккен жәбірленушілердің өтінішіне және Ішкі істер министрлігі ғимаратының жанында жәбірленушімен болған оқиға қатысты тоқтала кетейік. Жоғарыда айтқанымдай, аталған қаржы пирамидалары өздерін үстеме табысты инвестициялар саласындағы табысты ұйым ретінде көрсетті. Азаматтардың қаражатын тарту үшін қылмыскерлер ынтымақтастық туралы соңғы келісімшарт жасасты. Ал қаражат мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін жіберілді. Көрсетілген қызметтен салымшыларға ай сайын 20 пайызға дейін дивидендтер уәде етілді. Алайда, іс жүзінде «ASTEX.KZ» ЖШС мен «ACD technology» ЖШС мемлекеттік сатып алуға қатыспады. Инвесторларға дивидендтер жаңа салымшылардың жарнасы есебінен төленді. Бұл ретте, түсетін ақша қаражатының ағынын ұлғайту мақсатында жоғарыда аталған қаржы пирамидаларының қызметіне белгілі блогерлер тартылды», - деді Санжар Әділов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспсөз мәслихатында.

Оның дерегінше, қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Көптеген экономикалық, бухгалтерлік сот сараптамалары тағайындалды.

Жәбірленушілерге келтірілген материалдық залалды өтеу мақсатында тергеуші күдіктілер мен олардың туыстарына тіркелген Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында және Алматы облысында орналасқан мүлікке (4 жер учаскесі, 10 пәтер, 5 жеке үй, 2 автомобиль, 1 дүкен және компанияның барлық есеп айырысу шоттарына) тыйым салды.

«Тыйым салынған мүліктің тағдырын сот шешеді. Осы қылмыстық іс аясында 14 адам күдікті деп танылды», - деді ол.

Департамент бастығы азаматтарды аталған пирамидаға өз ақшасын салуға шақырған блогерлерге қатысты да мәлімет бөлісті.

«Бүкіл 3 блогер осы қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды, екеуіне қатысты «кепіл» түріндегі, біреуіне «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Күдіктілердің бірі тергеу органдарынан жалтарып жүр. Ол сырттай тұтқынға алынып, халықаралық іздеу жарияланды. Таңдалған бұлтартпау шаралары қылмыстық процестің үш буынды моделі аясында прокуратура органдарымен келісілген және сот сайлаған. Жәбірленуші тарап процеске қатысушы ретінде қылмыстық қудалау органының, оның ішінде бұлтартпау шарасын таңдау туралы бірде-бір шешіміне прокуратура органдары мен сотқа шағым жасаған жоқ. Жақын арада қылмыстық істі қылмыстық процеске қатысушыларға таныстыру үшін беру жоспарлануда. Содан кейін ол сотқа жіберіледі», - деді Санжар Әділов.

Департамент басшысының дерегінше, осы қылмыстық іске қатысты жәбірленушілерден келіп түскен өтініштерге байланысты 12 сәуірде Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сунтаев оларды жеке қабылдады.

«Оның нәтижесінде менің орынбасарым және өзіндік қауіпсіздік департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Алматы қаласына іс-сапарға жіберілді», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар