+7 (701) 759 90 19
USD 425.37 EUR 492.66
RUB 5.97 CNY 66.15
Jańalyqtar

Қаржы пирамидасын жарнамалаған «жұлдыздар» неге жазаланбайды

2021 жылғы 6 шілде 18:25
Бөлісіңіз:
Қаржы пирамидасын жарнамалаған «жұлдыздар» неге жазаланбайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов Мәжіліс депутаттарына қаржы пирамидаларын жарнамалаған танымал адамдар неге жауапқа тартылмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

«Шынында да, қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар өз қызметін жарнамалау үшін атақты адамдарды тартқан. Формальды түрде олардың əрекеттерінде Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 150-бабы (қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметін жарнамалау) құқық бұзушылықтың құрамы байқалады. Алайда қылмыстық іс бойынша үкім шыққанға дейін ұйымның қаржы пирамидасы болып табылатынын немесе табылмайтынын анықтау мүмкін емес. Осыған байланысты, жарнамалау кезінде жоғарыда аталған ұйымдар қаржы пирамидалары болып танылмаған. Сондықтан Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 150-бабы бойынша медиалық тұлғаларды əкімшілік жауапкершілікке тарту үшін құқықтық негіз жоқ», -деп жазылған депутаттық сауалға жолданған жауапта.

Ғизат Нұрдәулетов депутаттарға берген жауабында Алматы қаласында тіркелген осы сипаттағы оқиғаның қазір қалай өрбіп жатқанын да баяндаған.

«Биылғы сəуір-мамыр айларында Алматы қаласының полиция департаментіне қаржы пирамидасын құру жəне басқару («Astex.kz» ЖШС, «ACD technology» ЖШС жəне «Мудараба» ЖШС) фактісі бойынша К. есімді азаматқа қатысты шаралар қабылдау туралы арыздар келіп түскен. Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жоғарыда аталған адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда», - делінген жауапта.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT