Қаржы пирамидасын құрып 85 млн теңге жымқырған қазақстандық Украинадан экстрадицияланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Украинадан қаржы пирамидасының жетекшісі Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат Бас Бас прокуратураға сілтем жасап хабарайды.
«Украина Бас прокурорының офисі қаржы пирамидасын ұйымдастырған және басқарған «К» есімді Қазақстан азаматын экстрадициялау туралы өтінішімізді қанағаттандырды. Тергеу барысында аталған адамның 2017-2018 жылдар кезеңінде тұрғын үй сатып алуға жәрдемдесуге уәде беріп, қазақстандық азаматтардың 85 млн теңгеден астам ақшалай қаражатын алдап алғаны анықталды», - делінген хабарламада.

Прокуратураның ақпаратына қарағанда, ұсталған азаматқа халықаралық іздеу жарияланған.

Ағымдағы жылдың қаңтарында күдіктіні Украина аумағында сол елдің құқық қорғау органдары ұстады. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.


Соңғы жаңалықтар