Қаржы пирамидасы басшыларының көпшілігі - шетел азаматтары

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаржы пирамидалары басшыларының көпшілігі - шетелде тұратын бөтен мемлекет азаматтары. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаржы пирамидаларының бір ерекшелігі - оларды құрған, жетекшілік ететін басшылары шетелде тұрады және шет мемлекеттердің азаматтары. Осыған байланысты біз халықаралық байланыс арналары арқылы конвенцияларда көзделген тәртіп аясында күдіктілердің тұрған жерін анықтаймыз. Олардың активтері мен шетелдегі шоттарының, қылмыстық әрекет жасау нәтижесінде сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүлкінің бар-жоғын тексереміз», - деді Санжар Әділов орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Осы ретте департамент басшысы мысал ретінде «Teletrade D. J. Limited» басшылығына қатысты қылмыстық істі алға тартты.

«Тергеу аясында басқа мемлекеттердің (Армения, Латвия, Литва, Ресей Федерациясы және т.б.) шетелдік банктеріндегі осы компанияның 700 мың АҚШ долларын және 130 мың еуродан астам қаражат салынған банк шоттарының бар екені анықталды. Сондай-ақ, Түркиядағы қонақ үй және 3 пәтер түріндегі активтер белгіленді. Іс сотқа жіберілді», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар