Қаржы пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл туралы заңға өзгерістер енгізілді

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


Соңғы жаңалықтар