+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Қаржы пирамидаларының құрбандары жергілікті полицияға шағымдана алады – ҚР ІІМ

2020 жылғы 26 қазан 12:03
Бөлісіңіз:
Қаржы пирамидаларының құрбандары жергілікті полицияға шағымдана алады – ҚР ІІМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігі «Questra Holding ins», «Questra World», «Atlantic Global Asset Management», «five Winds Asset Managent» қаржы пирамидалары бойынша тергеуді жалғастыруда. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанайлық полицейлер жалғыз адамды жабылып ұрған он бұзақыны ұстады Жамбылда заңсыз сақталған 86 бірлік атыс қаруы тәркіленді БҚО-да алаяқ жұмысқа орналастырамын деп 35 тұрғынды алдап кеткен

Оның сөзіне қарағанда, қаржы пирамидасының басшылары интернет желілерінде веб-сайттар құрып, ойдан шығарылған түрлі инвестициялық портфельдер сатқан. Алаяқтар портфельдің мерзімі аяқталғанда 300% дейін пайда табасыз деп жалған уәделер берген.

«Алаяқтардан мыңдаған қазақстандықтар зардап шекті. Зардап көлемі бір миллиард теңгеден асады. Осыған байланысты ІІМ тергеу департаменті «Questra Holding ins», «Questra World», «Atlantic Global Asset Management», «five Winds Asset Managent» компаниялар тобының алаяқтық қызметінен зардап шеккендердің барлығын ІІМ-ге (Нұр-сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1 мекенжайына немесе 71-51-02, 71-42-94, 8-701-794-07-81, 8-701-113-56-92 нөмірлеріне) хабарласуды сұрайды», - деді Нұрділдә Ораз әлеуметтік желіде өткен онлайн брифингте.

Сондай-ақ, алаяқтардан зардап шеккен өзге өңір тұрғындары тұрғылықты жері бойынша полиция департаментіне шағымдана алады.

Айта кетейік, бір аптада Қазақстанда жалпы саны 3424 қылмыс тіркелді. Полицейлердің жедел әрекет етуі нәтижесінде 2198 қылмыс ізі суымай ашылды. Оның ішінде19 адам өлтіру, 38 тонау және 513 ұрлық фактілері әшкере болды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT