Қаржы пирамидалары: Агенттік халықты сақтандыру үшін ақпараттандыру тәсілдерін түрлендірмек

Фото:
АCТАНА. ҚазАқпарат – Қаржылық мониторинг агенттігі қазақстандықтарды қаржы пирамидаларынан SMS арқылы сақтандырмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы агенттіктқаржы пің басқарма басшысы Андрей Давыдов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлім етті.

«Мүдделі мемлекеттік органдармен бірге қаржы пирамидаларымен байланысы бар қылмыстар туралы, механизмдер мен амалдар туралы SMS-ескертпе жолдау жобасын іске асыруды жоспарлап отырмыз. Бұл жерде, әрине, байланыс операторларының тарапынан түсіністік қажет. Өйткені, ондай қызметтер ақылы. Бұл жұмыс азаматтардың әлеуметтік жағдайына оң әсер ететінін, әркім назар аударуға тұратын маңызды мәселе екенін ұмытпау керек», - деді ол.

Сондай-ақ, заңсыз жобалар туралы мәліметтерді бейнеролик ретінде өңдеп, интернетте түрлі жолдармен жұртқа тарату көзделіп отыр.

«Бұл алаяқтарға қарсы қарымта насихат болады. Өйткені, олар да өздерінің заңсыз әрекеттерінде интернеттің түрлі мүмкіндіктерін белсенді пайдаланады. Мұндай жолдар халықтың алаяқтық әрекет туралы дер кезінде біліп, одан аулақ болуына жағдай туғызады», - деді Андрей Давыдов.


Соңғы жаңалықтар