Қаржы нарығындағы ахуалды дамытудың келешегі қандай

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – АҚШ федералды резерв жүйесінің күшейтілген ақша-кредит саясаты – АҚШ доллары бағамының жаһандық нығаюының негізгі қозғаушы күші. Сондықтан, бұл жүйенің күшею циклі қаншалықты ұзаққа созылатыны жөніндегі мәселе әлемдік валюта нарығындағы белгісіздіктің негізгі факторы болып қала береді. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова осындай болжам айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл бүкіл әлемдегі Орталық банктердің мөлшерлемені бір мезетте әрі тез көтергенін байқадық. Жаһандық инвесторлар осы күшейту цикліндегі мөлшерлемелердің шарықтау шегін іздеп жатыр. Goldman Sachs талдауына сәйкес (G10 елдері арасында мөлшерлемелерді арттырудың 85 эпизоды), мөлшерлемелерді арттыру циклі орта есеппен 15 ай бойы жалғасып келеді, барлық эпизодтардың 70%-ы бір жылдан астам уақытқа созылып отыр.

Кейбір экономистердің пікірінше, жалпы қолайлы экономикалық ахуал рецессиясыз сақталған жағдайда, АҚШ ФРЖ-нің мөлшерлемелерді арттыру циклі ұзаққа созылады, бірақ келесі жылы бір жүйеге түсетін болады. АҚШ ФРЖ-нің келесі отырысында талдаушылар желтоқсанда мөлшерлеменің өсу қарқынының 50 базистік тармаққа дейін төмендейтінін және 2023 жылғы ақпан мен наурыз айларында екі рет 25 базистік тармаққа артатынын болжайды.

Bloomberg талдаушыларының консенсусына сәйкес, 2023 жылы DXY индексі

әлсірейді деп күтіліп отыр.

Сонымен қатар, АҚШ ФРЖ саясатындағы әлеуетті өзгеру оның геосаяси белгісіздік кезеңіндегі қауіпсіз актив мәртебесіне және доллардағы активтердің абсолюттік мәнінде жоғары кірістілігіне байланысты АҚШ доллары үстемдігінің аяқталуына алып келмеуі мүмкін екенін атап өту қажет.

Мұнай нарығына қатысты ОПЕК+ әлемдік экономикалық өсудің баяулауы туралы күтулерден отынға деген сұраныстың әлеуетті төмендеуін өтеу үшін өндіруді азайту жөніндегі шешімінің арқасында қара алтынның құны айтарлықтай қалпына келді.

Алайда, бұл квоталар осы жылдың соңына дейін ғана қолданылады, сондықтан олардың қолданылу ұзақтығы туралы шешім 2023 жылы нарықтың теңгерімділігі мен динамикасына әсер етеді. Өз кезегінде, АҚШ ОПЕК+ соңғы шешіміне үзілді-кесілді қарсы шықты және бірқатар қарсы шараларды, оның ішінде мұнайды мемлекеттік стратегиялық қорлардан алу, сондай-ақ ОПЕК мүшелеріне монополияға қарсы талап қою арқылы картельдің баға белгілеуіне тыйым салуға мүмкіндік беретін NOPEC заңын қабылдауды қарастырып жатыр. Сонымен қатар, аталған заңның қабылдануы екіталай. Жалпы алғанда, 2023 жылдың 1-тоқсанында мұнай бағасын экономистер 1 баррель үшін 84-115 АҚШ доллары аралығында болады деп болжайды», - дейді Әлия Молдабекова.


Соңғы жаңалықтар