Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайты ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайты finreg.kz іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Жарлығымен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстанда жаңа мемлекеттік орган - Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өз жұмысын бастады.

Агенттік қаржылық қызмет тұтынушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін, қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен қаржы нарығының дамуына ықпал ететін, мемлекеттік реттеуді, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын, сондай-ақ өз құзыретіне кіретін өзге тұлғаларды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ҚР Ұлттық Банкінің құқықтары мен міндеттерінің мұрагері ретінде белгіленді және бірқатар функциялар мен өкілеттіктерді өзіне алды.

2019 жылдың 18 желтоқсанында Президент Жарлығымен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы қызметіне Мәдина Әбілқасымова тағайындалды.



Соңғы жаңалықтар