Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банкте жаңа тағайындаулар болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің Өкімімімен бірқатар лауазым иелері тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Олег Александрович Смоляков Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды;

Нұрлан Алмасұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды;

Мария Жамаловна Хаджиева Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды;

Ақылжан Мәлікұлы Баймағамбетов Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды;

Әлия Мейірбекқызы Молдабекова Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар