Қаржы нарығын реттеу агенттігі тойларға несие беруді реттеу туралы сұраққа жауап берді

None
Фото: lux-dekor.ru
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі кезде қарыз алушының төлем мерзімі өткен несиелері болған жағдайда, оларға банктер мен микроқаржы ұйымдарынан тағы несие алуға тыйым салуды ескеретін заңнамалық нормалар пысықталып жатыр. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Сенатта тілшілер агенттік өкіліне той өткізуге несие беру мәселесін реттеуге қатысты сұрақ қойды.

Өз кезегінде Е. Қизатов мұндай іс-қимылдар банктің ішкі қызметіне араласу болып саналатынын айтты.

«Бұл тұрғыда біз несиенің белгілі бір түрлерін беруге тыйым сала алмаймыз. Қазіргі кезде қарыз алушының төлем мерзімі өткен несиелері болған жағдайда, банктер мен микроқаржы ұйымдарына осы адамдарға тағы несие беруге тыйым салуды ескеретін заңнамалық нормалар пысықталып жатыр. Осы ретте уақытша қаржылай қиындықтарға тап болған жеке адамдардың қарыз жүктемесінің өсуін шектей аламыз. Бірақ несиенің нақты түрлерін заңмен шектеуге құқығымыз жоқ. Бұл банктің ішкі саясаты, оған араласуға құқығымыз жоқ», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар