Қаржы нарығын реттеу агенттігі бүкіл қаржы секторын кешенді сауықтыруды қамтамасыз етуі қажет - Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қаржы нарығын реттеу агенттігі бүкіл қаржы секторын кешенді сауықтыруды қамтамасыз етуі қажет. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы активтердің сапасына шолу аяқталды. Қазіргі ахулаға қатысты толыққанды және шынайы картина алынды. Ендігі басты міндет - қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Банк жүйесін сауықтыру бойынша әдістер жасау қажет. Мұны кейінге қалдырмай шұғыл жүзеге асыру керек. Олай болмаған жағдайда салдары күрделі боуы ықтимал», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті банктерді қолдау мәселесін бюджет қаражатынсыз нарықтық шарттармен қарастыру қажеттігін ескертті.

«Ұлттық банк пен агенттік (Қаржы нарығын реттеу агенттігі) қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен жалпы экономикалық даму қажеттілігі арасындағы балансты табуы керек. Мемлекет пайыздық ставканы субсидиялауға және кепілдендіруге айтарлықтай қаражат салады. Алайда бұл шаралар кәсіпорындардың көпшілігін қамтымайды, теңсіз бәсекелестік туындайды, нарықтық шарттар бұрмаланады және турасын айтқанда экономикадағы құрылымдық өзгеріс орын алмайды. Агенттік сақтандыру қызметтері, жаңа қаржылық технологиялар, құнды қағаздар нарығын қоса алғанда бүкіл қаржы секторын кешенді сауықтыруды қамтамасыз етуі қажет»,- деді Қ.Тоқаев.






Соңғы жаңалықтар