Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әбілқайыр Сқақов ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тағайындау туралы бұйрыққа Премьер-Министрдің бірінші орынбасары-ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов қол қойды.

Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов 1974 жылы Павлодар облысында туған.

Ақмола қаржы-экономикалық техникумын (салық бойынша қаржыгер, 1995); Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті (экономист және қаржыгер, 2000); Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институты (бакалавр-заңгер, 2004); Мәскеу қ., М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті ("Master of Business Administration" іскерлік әкімшілік шеберінің дәрежесі,2017).

Мемлекеттік қызметте тәжірибесі (24 жыл), оның ішінде басшылық лауазымдарда 15 жыл:

- 1995 жылдан 2005 жылға дейін-Павлодар облысы бойынша салық инспекциясының маманы, салық инспекторы, аға салық инспекторы, бөлім бастығы, Павлодар қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары;

- 2005-2006 жылдары-Павлодар облысы Қашыр ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы;

- 2006-2008 жылдары-Павлодар облысы Денсаулық сақтау департаменті директорының орынбасары (экономика және қаржы бойынша);

- 2008-2010 жылдары-Павлодар облысы бойынша Салық департаментінің Павлодар қаласы бойынша салық басқармасының бастығы;

- 2010-2012 жылдары-Қостанай облысы бойынша Салық департаментінің бастығы:

- 2012-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының орынбасары;

- 2014 жылдан 2016 жылға дейін-Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы;

- 2016 жылғы 1 желтоқсаннан бастап - Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды (экономика және қаржы бойынша).

Соңғы жаңалықтар