Қаржы мониторингі агенттігі Елжан Біртановқа қатысты желіде тараған ақпаратқа түсінік берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қаржы мониторингі агенттігі бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты желіде тараған ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«БАҚ және әлеуметтік желілерде бұрынғы денсаулық сақтау министрі Е.Біртановқа қатысты тергеуде оның кінәлі екендігінің дәлелдемелері жоқ болуына байланысты қылмыстық істі тергеп-тескеру мерзімдерін созу туралы ақпарат таратылуда.

Бұл ақпараттың ақиқат еместігін және оның қоғамда ағымдағы жағдай туралы қате түсінік қалыптастыруға бағытталғанын хабарлаймыз. Агенттің қылмыстық істі тергеуді осы жылдың 7 шілдесінде аяқтады, бұл туралы жұртшылыққа бірнеше рет ақпарат берілді. Осы уақыттан бастап қорғау тарапы қылмыстық іс материалдарымен танысуда. Тек содан кейін іс сотқа мәні бойынша қарастырылуы үшін жолданады», - делінген Агенттік хабарламасында.

Агенттік күдіктінің кінәлі немесе кінәлі еместігі туралы мәселе тек қана сотпен ғана шешілуі тиіс екендігін жеткізді.

Еске салсақ, Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі бірнеше мәрте ұзартылды.

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынған еді.
Соңғы жаңалықтар