Қаржы министрлігінде жемқорлық неге көп тіркелген - Жамаубаев жауап берді

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қаржы министрлігінде жемқорлық фактілері ең көп тіркелген. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев осы мәселеге жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бас прокуратураның жүргізген ресми статистикасы бойынша, ішіндегі жемқорлары ең көп ведомство Қаржы министрлігі екені айтылды. Бұл туралы ойыңыз қандай?», - деп сұрады журналистер Қаржы министрінен Үкімет отырысынан кейін.

Ерұлан Жамаубаев мұндай статистика ешкімге абырой әкелмейтінін айтып, атқарылып жатқан шараларға да тоқталды.

«Біріншіден, бұл жөнінде тиісті ескертулер жасалды. Қазір бүкіл өңірлермен жұмыс атқарылып жатыр. Әрине, бұл статистика ешкімге жақсылық әкелмейді. Бірақ айналып келгенде кешенді түрде жұмыстар жүргізіп жатырмыз.

Екіншіден, өздеріңіз білесіздер, жалпы министрліктердің ішінде біздің министрлік ең үлкені. Яғни құқық қорғау органдарын алмайтын болсақ, Қаржы министрлігінің қызметкерлері бүкіл мемлекет қызметкерлерінің 25 пайызын құрайды. Сол статисканы өздеріңіз адам басына шағып қарасаңыздар, біз бірінші орында тұрамыз», - деді вице-премьер.


Соңғы жаңалықтар