+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қаржы министрлігінде «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

2019 жылғы 21 маусым 16:07
Бөлісіңіз:
Қаржы министрлігінде «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігінде «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жобалық кеңсе жұмысының басталуына ұйытқы болатын құжатты бүгін ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Ерұлан Жамаубаев пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының міндетін уақытша атқарушы Шыңғыс Қабдулла рәсімдеді.

«ҚР Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, Қаржы министрлігінің алаңында «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесін ашып отырмыз. Бұл жобаның негізгі мақсаты - жемқорлықпен күрес, министрлік қызметкерлері арасындағы жемқорлықты жою, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, халықтың сенімін арттыру», - деді ведомствоның жауапты хатшысы.

Оның айтуынша, кеңседе 6 адам жұмыс істейді. Олар азаматтардың шағымдарын, министрлік жұмысына қатысты ұсыныстарын қабылдап отырады. Қажет болған жағдайда министрлік басшысы келуші азаматтармен кездесіп, көтерілген мәселені шешуге қол ұшын беретін болады.

Ал Шыңғыс Қабдулла атап өткендей, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі барлық мемлекеттік органдарда ашылады.

«Кедергісіз мұндай кеңсе ашқаны үшін министрлік басшылығына ризашылығымызды білдіреміз. Бұл жерге кез келген тұрғын, кез келген өтінім беруші емін-еркін келе алады. Осы жерде министрлік қызметіне қатысты өтінімдер мен шағымдар қабылданады», - деді ол.

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT