Қаржы министрлігі зейнетақы жинағын жеке компаниялардың басқаруына беруді қолдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі зейнетақы жинағын жеке компаниялардың басқаруына беру бастамасын қолдап отыр. Бұған дейін аталмыш бастаманы ҚР Ұлттық банкі көтерген болатын. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз бұл бастаманы қолдап отырмыз. Ол ең алдымен халықтың зейнетақы активтерін басқару процесінде сенімді арттыруға бағытталған», - деді Берік Шолпанқұлов.

Вице-министр сонымен қатар, бұл амал-әдіс бұдан бес жыл бұрынғы тәжірибеден қандай айырмашылығы барын түсіндіріп берді. Айта кетсек, осыдан бес жыл бұрын да зейнетақы активтері жеке компаниялардың басқаруына берілген болатын.

«Осыдан бес жыл бұрынғы тәжірибе ме деп сұрасаңыздар - жоқ. Бұл жерде үлесте болу әдісі алынып тасталады. Бес жыл бұрын банктер мен басқарушы компаниялар бір үлесте болған еді. Сәйкесінше, олардың қаражаты да осы зейнетақы жинақтарының құрылтайшысы ретіндегі банкке шоғырландырылған. Ал аталмыш механизм бойынша шығындардың бәрі қысқартылып, басқару процесін жеңілдеткіміз келеді», - дейді Берік Шолпанқұлов.

Соңғы жаңалықтар