Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.05 EUR 428.25
RUB 5.84 CNY 54.65
Jańalyqtar

Қаржы министрлігі тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесін таныстырды

2019 жылғы 14 тамыз 20:09 53
Бөлісіңіз:

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдің кеден және салық қызметтерінің өкілдері үшін тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесін көрсетті.

Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу кезінде «ЕАЭО кедендік аумағына тауарларды әкелу және олардың айналымының кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 16 қазандағы Хаттамаға (Бурабай хаттамасы) сәйкес Қазақстан Республикасы өзіне тауарларды қадағалауды қамтамасыз ету міндеттемесін алды, ол бойынша ЕАЭО БКТ белгіленгеннен өзгеше кедендік әкелу бажының төмендетілген мөлшерлемесі қолданылды және ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағына мұндай тауарларды әкетуге жол бермеу бойынша қажетті шаралар қабылданды.

ҚР Қаржы вице-министрі Қанат Баеділов Комитет осындай жүйені құруда ауқымды жұмыстың жүргізілгенін, оның сәтті жұмыс істеуде екені және практикада Қазақстанның ішінде ДСҰ тауарларды толассыз бақылауды қамтамасыз ету бойынша өзінің тиімділігі дәлелдегенін хабарлады.

Мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен соңғы тұтынушыға дейін тауарларды толассыз бақылауды қамтамасыз ететін Комитеттің ақпараттық жүйесі жұмысының артықшылығын делегаттарға көрсетті. Нақты уақыт режимінде «Виртуалды қойма» модулін пайдаланып жүйенің жұмысы көрсетілді.

Тараптар тауарларды қадағалау жүйесінің сәтті іске асырылуын және ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағына төмендетілген мөлшерлеме бойынша әкелінетін тауарлар ағынына жол бермеу жөніндегі жұмыстың тиімділігін атап өтті.

Сонымен қатар, тараптар тауарларды толассыз бақылау кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді және ЕАЭО кеден және салық қызметтерінің ақпараттық жүйесі дамыту перспективасын талқылады.

Кездесуді қортындылай келе Комитет төрағасының орынбасары Талғат Мамаев ЕАЭО қатысушы елдердің кеден және салық қызметтері арасында стратегиялық міндеттерді іске асыруға және өңірдің экономикалық әлеуетін шоғырландыруға бағытталған жағымды және конструктивті диалог болғанын атап өтті.

Шараға қатысушылар орнатылған байланыс үшін алғыстарын жеткізіп, мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерін Комитеттің бес жылдығы мерекесімен құттықтады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT