Қаржы министрлігі «Самұрық-Қазынаға» қатысты мәселелерді қарап жатыр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, Қаржы министрлігі «Самұрық-Қазына» қоры әзірлеген, сатып алудың жаңа тәртібін қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіпті қарау нәтижесі бойынша ашықтықты күшейту, біліктілік және тендерлік құжаттамалардың нысандарын белгілеу және талаптарын ашу, тәртіпті мемлекеттік сатып алу тәсілдерімен және рәсімдерімен үйлестіруге тиісті ұсыныстар мен ескертулер берілді.

Сатып алудың барлық рәсімдерінің сипаттамасы Тәртіпте көрсетіліп, өзге құжаттарға сілтемесіз және сатып алуға қатысушыларға қолжетімді болуы тиіс.

Сонымен қатар, біліктілік комиссиясының өтінімдерді қарау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға, бір көзден сатып алуды қысқартуға, холдингтің ішінде өткізілетін, яғни Қордың еншілес ұйымдарынан сатып алуларды жоюға ұсыныс берілді.

Бүгінгі таңда «Самұрық-Қазына» Қаржы министрлігімен бірлесіп осы ескертулерді жою бойынша жұмыс жүргізуде, оның нәтижелері бойынша сатып алу тәртібі келісілетін болады.



Соңғы жаңалықтар