Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алудағы жаңашылдықты түсіндірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаментінің директоры Сәбит Ахметов мемлекеттік сатып алу туралы Заңнамаға енгізілген жаңашылдықтарды түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, 2018 жылдың 26 желтоқсанында Мемлекет басшысы мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелері туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған Заңға қол қойды. Ал сол жылдың 29 желтоқсанында аталған Заңды жүзеге асыру үшін Қаржы министрлігінің бұйрығымен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне өзгерістер енгізілген.

«Бір көзден сатып алуды қысқарту мақсатында тапсырыс берушіге сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда оны қайта өткізу міндеттеледі. Бұл бір көзден сатып алуды қысқартуға мүмкіндік береді. Егер 1 млрд теңгеден асатын сатып алуларға сараптама жасайтын болсақ, онда бұл сатып алулардың 100 пайызға жуығының бір ғана әлеуетті жеткізуші жіберілгендіктен өтпеді деп танылғанын көруге болады»-, деді ол.
null

Департамент басшысының сөзіне қарағанда, алдағы уақытта да мұндай фактілерге жол бермеу үшін түбегейлі шешім қабылдауға тура келген.

«Ендігі уақытта бірінші рет сатып алу өтпей қалатын болса, онда тапсырыс беруші қайтадан сатып алу өткізуге міндетті. Алегер екінші сатып алу да өтпеді деп танылған жағдайда тапсырыс беруші өтінімдердің болмауына немесе бір өтінім берушінің болуына байланысты бір көзден ала алады», - деді С.Ахметов.

Соңғы жаңалықтар