Қаржы министрлігі МАОКАМ мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыруды тағы 10 күнге ұзартуды ұсынып отыр

None
None
АСТАНА. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қаржы министрлігі Үкіметке МАОКАМ мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыруды тағы 10 күнге ұзартып, олардың ставкаларын жоғарылатуды ұсынып отыр. Бұндай пікірді бүгін Үкімет отырысында аталған ведомствоның басшысы Болат Жәмішев мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Бүгін МАОКАМ-ды орналастырудың соңғы 10-шы күні. Кеше барлығы 785 миллион теңге орналастырылды. Қаржы екі жылдық мерзім бойынша 6,5 пайыз ставкасымен, ал үш жылдық бойынша жылдық 6,7 пайызбен орналастырылды. Біз МАОКАМ бағалы қағаздарын орналастыруды тағы 10 күнге ұзартып, оның ставкасын жоғарылатуды ұсынамыз. Атап айтқанда екі жылдық мерзім бойынша 7,3 пайызға, ал үш жылдықты 7,5 пайызға дейін», - деді министр. «Біз бастапқыда банктердің депозиттік базасын қозғамау үшін өте консервативті жылжыдық. Алайда қазірдің өзінде  бұл мәселенің орын алмайтыны айқындалып отыр. Сондықтан біз бұл құнды қағаздарға қызығушылықты арттырғымыз келеді», - деді Б. Жәмішев.

Өз кезегінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов аталған ұсынысқа қолдау болатынын айтып өтті. «Оң және теріс жақтарын зерделеп, толықтыратын тұстарын анықтап аламыз. Содан кейін ары қарай жылжимыз», - деді Премьер-Министр.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Қаржы министрлігі 15 млрд. теңге көлемінде МАОКАМ атты мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруды жоспарлап отырғандығын жариялаған еді.

Соңғы жаңалықтар