+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

2020 жылғы 11 ақпан 17:50
Бөлісіңіз:
Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смаиловтың бұйрығына сәйкес ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары лауазымына Дәулет Ертайұлы Ақылбеков тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысы әкімінің жаңа орынбасарлары тағайындалды Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар Асхат Аймағамбетов ата-аналармен және  ұстаздармен онлайн-кездесу өткізеді

Дәулет Ертайұлының заңгерлік білімі бар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және ұлттық қауіпсіздік магистрі.

ҚР құқық қорғау органдарындағы жұмыс өтілі 20 жылдан астам уақытты құрайды.

Осыған дейін Дәулет Ертайұлы Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы лауазымында қызмет атқарды.

Ақылбеков Дәулет Ертайұлы 1976 жылғы 15 шілдеде Алматы (Талдықорған) облысында туған.

Білімі жоғары:

1998 ж. – Д.Қонаев атындағы Қазақ гуманитарлық университеті.

2000 ж. – ҚР Ішкі істер министрлігі жанындағы Алматы облысы ІСБ Біліктілікті арттыру мектебі.

2018 ж. – Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресейлік халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы (мамандығы «Ұлттық қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл»).

Еңбек жолы:

1998-2000 жж. – Алматы облысының, Талдықорған ауданының «Ауыл» ЖШС заңгер.

2000-2001 жж. – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Қапшағай гарнизоны бойынша Әскери-тергеу департаменті әскери-тергеу басқармасының тергеу бөлімінің тергеушісі.

2001-2003 жж. – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Қапшағай гарнизоны бойынша Әскери-тергеу департаменті әскери-тергеу басқармасының тергеу бөлімінің аға тергеушісі.

2003-2005 жж. – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Қапшағай гарнизоны бойынша Әскери-тергеу департаменті әскери-тергеу басқармасының ерекше маңызы бар істер бойынша аға тергеушісі.

2005-2006 жж. – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Қапшағай гарнизоны бойынша Әскери-тергеу департаменті әскери-тергеу басқармасының тергеу бөлімінің басшысы.

2006-2007 жж. – Алматы облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстылығымен күрес департаментінің (қаржы полициясы) тергеу басқармасының экономикалық және қаржы қылмыстарын тергеу бойынша аға тергеуші.

2007-2008 жж. – Алматы облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстылығымен күрес департаментінің (қаржы полициясы) тергеу басқармасының экономикалық және қаржы қылмыстарын тергеу бойынша ерекше маңызы бар істер бойынша аға тергеуші.

2008-2009 жж. – Алматы облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстылығымен күрес департаментінің (қаржы полициясы) жемқорлық істерін ашу және алдын алу басқармасының экономикалық және лауазымдық қылмыстарды, сондай-ақ, жоғары технологияларды қолдана отырып, жасалған қылмыстарды анықтау, алдын алудың 3-бөлімінің басшысы.

2009 ж. – Алматы облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстылығымен күрес департаментінің (қаржы полициясы) жемқорлық істерін ашу және алдын алу басқармасының мемлекеттік органдар мен ұйымдарда сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтарын анықтау, алдын алу, жолын кесудің 1-бөлімі басшысының орынбасары.

2009-2010 жж. – Алматы қаласы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстылығымен күрес департаментінің (қаржы полициясы) 1-ші экономикалық және қаржы қылмыстарын ашу басқармасының басшысы.

2010 ж. – Қарағанды облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстылығымен күрес департаменті (қаржы полициясы) басшысының орынбасары (экономика мәселелерінің меңгерушісі).

2010-2011 жж. – Алматы қаласы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстылығымен күрес департаментінің (қаржы полициясы) жемқорлық істерін ашу және алдын алу басқармасы басшысының орынбасары.

2011-2014 жж. – Алматы қаласы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстылығымен күрес департаментінің (қаржы полициясы) жемқорлық істерін ашу және алдын алу басқармасының басшысы.

2014-2015 жж. – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы.

2015-2017 жж. – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының құқық қорғау қызметіне жетекшілік етуші орынбасары.

2017-2019 жж. – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының , құқық қорғау қызметіне жетекшілік етуші орынбасары және уақытша басшының міндетін атқарушы.

2019 жылғы 10 маусымнан 2020 жылғы 7 ақпанға дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы.

2020 жылғы 10 ақпаннан қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT