Қаржы министрлігі Елжан Біртановтың ұсталуы туралы ақпаратқа пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы министрлігі интернет желісіне тараған бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ұсталуы туралы ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті бұрынғы ҚР Денсаулық сақтау министріне қатысты тергеу әрекеттері туралы мәліметтердің ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайтынын хабарлайды. Ақпарат болғанда, міндетті түрде хабарлаймыз», - деп жауап берді Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі агенттік сауалына.


Соңғы жаңалықтар