+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Қаржы министрлігі БҚО департамент басшысының жұмыстан кетуіне түсініктеме берді

2021 жылғы 15 қыркүйек 18:29
Бөлісіңіз:
Қаржы министрлігі БҚО департамент басшысының жұмыстан кетуіне түсініктеме берді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Жанболат Тілеулестің қарамағындағы қызметкерге қатысты сыбайлас жемқорлық ісінен кейін өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініші қанағаттандырылды. Қаржы министрлігі лауазымды тұлғаның жұмыстан босатылуына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Антикор өкілі денсаулық сақтау жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін атады Қызылорда облысы экология департаментінің басшысы 11 жылға сотталды Шу аудандық ветеринарлық стансасының директоры мен бас бухгалтері сотталды

Бұған дейін Жанболат Тілеулес қол астындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлық дауына іліккеннен кейін жұмыстан шыққан болатын. Қаржы министрлігі Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болған Жанболат Тілеулестің 2021 жылғы 14 қыркүйекте Мемлекеттік кірістер органдарынан өз қалауы бойынша жұмыстан кеткенін мәлім етті. Бұған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 15) тармақшасы негіз болған.

«Осыған байланысты өзіне сеніп тапсырылған бөлімшеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың болмау фактісі бойынша оның тәртіптік жауапкершілігін қарау мүмкін емес», - деп жазылған ведомствоның түсіндірмесінде.

Айта кетейік, Жанболат Тілеулес бұл жұмыстан босатылғанымен басқа мемлекеттік органдарда жұмыс істей алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT