+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Қаржы министрлігі Астана LRT-ның қаржылық есептеріне қатыспаған

2019 жылғы 11 қазан 12:56
Бөлісіңіз:
Қаржы министрлігі Астана LRT-ның қаржылық есептеріне қатыспаған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы министрлігі LRT жобасы бойынша экономикалық негіздемені бекіткен жоқ. Бұл туралы бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«LRT бойынша Қаржы министрлігі экономикалық негіздемені бекіткен жоқ. Заңнама талаптарына сәйкес, LRT-ны әкімшінің өзі бекітеді», - деді Б. Шолпанқұлов Парламент Сенатында тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның атап өтуінше, Қаржы министрлігі жобаның қаржылық есеп-қисаптарына қатыспаған.

Еске салсақ, Президент LRT құрылысын жеделдетуді және оған қатысты істі тергеуді тапсырды.

Бұған дейін LRT-ның құрылысы уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Оған қатысты Үкімет басшысы Асқар Мамин пікір білдірді.

Сонымен қатар жақында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Астана LRT» ісі бойынша бірқатар жалған кәсіпорын тергеліп жатқанын мәлім етті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT