Қаржы министрі тауарларды таңбалау мемлекет, халық пен бизнеске не беретінін түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев тауарларды таңбалау мемлекет, халық пен бизнеске не беретінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тауарларды цифрлық таңбалау келесі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған: мемлекет үшін тауарлардың заңсыз айналымын қысқарту, бюджетке салық түсімдерінің түсуін ұлғайту, мемлекеттік бақылау сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Халық үшін қоғамдық бақылаудың тиімділігі, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға жол ашады. Бизнес үшін, атап айтқанда адал салық төлеушілер үшін бизнес жүргізудің бәсекелестік жағдайларын арттыруға көмектеседі», - деді Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында.

Қаржы министрі бұған дейін айтылғанындай, темекі өнімдерін таңбалау бойынша пилоттық жоба жүргізілгенін атап өтті.

«Пилоттық жоба шеңберінде сатылған темекі бұйымдарын айналымнан шығара отырып, түпкілікті тұтынушыға сатылғанға дейін өндіруді/импортты қоса алғанда, темекі өнімдерін таңбалаудың барлық циклі пысықталды Қажетті нормативтік құқықтық актілер қабылданды. «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы» Үкімет қаулысына сәйкес, 2020 жылғы 1 қазаннан бастап құрамында темекі бар фильтрлі сигареттер және 2021 жылғы 1 сәуірден бастап стиктер, сигаралар, сигарилдер, қыздырылатын темекі сияқты темекі өнімдерінің өзге де түрлері міндетті түрде таңбалауға жатады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар