Қаржы министрі тауар бағасын ұстап тұру неліктен мүмкін болмағандығын түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов тауар бағасын ұстап тұру неліктен мүмкін болмағандығын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Толықтай алғанда бізде тұтыну тауарлар бағасының өсімі желтоқсан айында 2018 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 5,4 пайызды құрайды. Ал азық-түлік тауарларының бағасы біршама жоғары өсім көрсетті», - деді ол Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Дегенмен, оның дерегіне қарағанда, инфляцияны бұған дейін болжанған 4-6 пайыз дәлізінде ұстап қалуға мүмкіндік болды.

«Жалпы барлық тұтыну тауарларына баға тұрақтылығы монополистермен реттелетін коммуналдық қызметтер тарифтерін төмендету есебінен қамтамасыз етілді. Биыл азық-түлік тауарлары бағасының өсімін біз таргеттеп отырған 4-6 пайыздық дәлізде ұстап тұру үшін барлық күш-жігерді жұмсаймыз», - деді Әлихан Смайылов.


Соңғы жаңалықтар