+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қаржы министрі салық және кедендік тұрғыда қосымша түсімдер туралы айтты

2021 жылғы 21 маусым 11:54
Бөлісіңіз:
Қаржы министрі салық және кедендік тұрғыда қосымша түсімдер туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерін толығымен орындады. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысының бюджетіне ішкі туризмнен 100 млн теңге түсуі мүмкін Мәжіліс депутатына құрылыс материалдарының қымбаттауынан туындаған проблемалар айтылды - Қарағанды Мәжіліс депутаттары төтенше жағдай жарияланған ауылдарға барды - Қызылорда облысы

«Үкімет есебі Парламенттің Мәжілісі мен Сенатында егжей-тегжейлі қаралды. Есепті қарау кезінде экономиканың барлық салалары бойынша 500-ден астам сұрақтар мен ұсыныстар берілді. Олар жұмыс топтарында және салалық комитеттерде жеткілікті талқыланды. Парламент депутаттарының ұсынымдары Үкімет жұмысында ескерілетін болады.

Республикалық бюджеттің негізгі параметрлері толық атқарылды. Бюджет түсімдері 12 трлн 49 млрд теңгені немесе жоспарға 100,3 пайызды құрады. Яғни жоспар орындалды. Шығыстар 98,3 пайызға игерілді және 14 трлн 234 млрд теңге болды», - деді Е. Жамаубаев Үкімет пен Есеп комитетінің 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарау кезінде.

Бюджет тапшылығы 2 трлн 185 млрд теңгені немесе жалпы ішкі өнімнің 3,1 пайызын құрады.

«Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі Кешенді жоспар дер кезінде әзірленіп, қабылданды. Бұл жұмыс орындары мен іскерлік белсенділікті сақтауға мүмкіндік берді. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Есеп комитеті Үкіметтің есебіне бірқатар ескертулер мен ұсынымдар берді. Есеп комитеті салықтық әкімшілендіру мәселелеріне ерекше назар аударды. Атап айтсақ, қосымша салық түсімдерінің 7 есеге төмендеуі туралы ескерту болды. Шын мәнінде, 2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджетте қосымша салық түсімдерінің жоспарлы көлемі 1,5 трлн теңгені емес, 476 млрд теңгені құраған. Бұл ретте, Есеп комитеті салықтық және кедендік тексерулер мен камералдық бақылау нәтижелері бойынша ғана қосымша түсімдерді ескереді. Алайда фискалдық органдар қолданатын шаралар әлдеқайда кең және оның ішінде әкімшілендірудегі цифрлық қолдануды да қамтиды. Салықтық және кедендік шаралар есебінен іс жүзінде қосымша түсімдер 710 млрд теңге. Бұл өткен жылы қолданылған тексерулерге мораторийге және бизнеске ұсынылған салықтық жеңілдіктерге қарамастан болып отыр», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, осылайша іс жүзінде дағдарыс жағдайында қосымша түсімдер көлемінің азаюына жол берілмей, керісінше, бекітілген жоспарлы кіріс көлемі 1,5 есе асыра орындалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT