Қаржы министрі салық бойынша түсімдер асыра орындалғанын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжілістің жалпы отырысында 2021 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті қарау кезінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев былтырғы бюджет кірістеріне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Трансферттерді есепке алмағанда кірістер бойынша жоспар 156 млрд теңгеге асыра орындалды. Бюджетке 7,4 трлн теңге түсті. Салық түсімдері 7,1 трлн теңгені немесе жоспарға қарағанда 102,1 пайызды құрады. Салық бойынша асыра орындаудың негізгі сомасы корпоративтік табыс салығына (225 млрд теңге), шикі мұнайға экспорттық кеден бажына (89 млрд теңге) және импортқа қосылған құн салығына (41 млрд теңге) тиесілі болды», - деді Е. Жамаубаев.

Оның айтуынша, экономикадағы іскерлік белсенділіктің біртіндеп жандануы, салық әрі кедендік әкімшілендіруді жетілдіру мен цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс салық түсімдерін ұлғайтудың маңызды факторларының бірі болды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, былтыр әлеуметтік шығыстар 910 млрд теңгеге ұлғайды.


Соңғы жаңалықтар