Қаржы министрі өңірлердің кіріс жоспарларындағы «қулықты» әшкереледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Барлық дерлік өңір қаңтарға арналған кіріс жоспарларын былтырғы жылғыдан 60 пайызға төмен бекіткен. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Трансферттерді есепке алмағанда мемлекеттік бюджеттің кірістері 593 млрд теңгені құрады. Былтырғы жылдың қаңтар айындағы көрсеткішпен салыстырғанда олардың өсу қарқыны 128 пайызды құрады. Бюджетке 130 млрд теңге кіріс көп түсті. Республикалық бюджетке 428 млрд теңге кіріс түсті. Бұл жоспардан 47,6 млрд теңгеге, ал былтырғы жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішінен 129 млрд теңгеге артық. Өсу қарқыны - 143,1 пайыз», - деді министр.

Оның дерегінше, жоспардың асыра орындалуы негізінен корпоративтік табыс пен қосымша құн салықтары есебінен жүзеге асты. Жергілікті бюджеттердің өз кірістері 43 млрд теңгеге артығымен орындалып, 166 млрд теңгені құрады. Асыра орындалу сомасының 81 пайызы, яғни 35 млрд теңгесі салықтық түсімдерге тиесілі.

«Бұл жерде айтып өтетін мәселе - Астана каласы мен Алматы облысынан басқа барлық өңірлердің кірістерінің жоспары былтырғы жылдың фактісінен орташа алғанда 60 пайызға төмен бекітілген. Сондықтан жергілікті атқарушы органдар кірістердің жоспарын қайта қарап, талдауы қажет», - деді Әлихан Смайылов.

Соңғы жаңалықтар