Қаржы министрі Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілдігі мекемесін тарату шешімін түсіндірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі мекемесін тарату шешіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жақында осы жайында Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеме жасады. Бұл тұрғыда қажет емес құрылымдарды оңтайландыру жүріп жатыр. Ресеймен тығыз қарым-қатынас Еуразиялық экономикалық комиссия аясында да бар екенін ескеру керек. Ол жақта Қазақстанның өкілдігі жеткілікті, яғни барлық саладағы мәселені реттей алатын, соның ішінде кәсіпкерлік қызметте өте сауатты адамдар бар. Сонымен қатар, Елшілік жұмыс істеп тұр. Түрлі мемлекеттік құрылымдардан да тиісті өкілдер қызмет етіп жүр», - деді Е.Жамаубаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда министр аталған өкілдікті тарату мемлекеттік қызмет құрылымдарының жұмысын оңтайландыруға бағытталып отырғанын нақталады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі мекемесін таратады. Бұл мекеме бүгінге дейін Сауда және интеграция министрлігіне қарасты ұйым ретінде жұмыс істеп келген болатын.


Фото: t.me/Kzgovernment


Соңғы жаңалықтар