Қаржы министрі Қазақстанға шетел компанияларының көшуіне қатысты пікір білдірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанға шетел компанияларының көшуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осында көшуге шешім жасаған түрлі компания бар. Оларға міндетті түрде Қазақстанның салық әрі еңбек кодексіндегі талаптар жүктеледі. Әр кәсіпорынға қатысты жұмыс жүріп жатыр. Егер Қазақстанның ұлттық мүддесіне сай келсе, тиісті салық сомасын төлесе, жұмыс орындарын қамтамасыз етсе, онда бұл компаниялардың елімізде орналасуын қолдаймыз. Бұлар ресейлік емес, батыс елдерінің компаниялары», - деді Е. Жамаубаев Үкімет отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда Қаржы министрі бұл мәселедегі жұмыстар Қазақстанның мүддесі мен заңнамасына сай атқарылатынын атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл шілде айында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей нарығынан кетіп жатқан шетелдік компаниялардың Қазақстанда жұмыс істеуіне жағдай жасауды тапсырды.


Фото: primeminister.kz



Соңғы жаңалықтар