Қаржы министрі: Инвестицияламасақ, зейнетақы жинағын инфляция «жеп» қояды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов «Сарыарқа» газ желісінің құрылысына неліктен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаражат бөлінетінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Газ желісінің құрылысына «Самұрық-Қазынадан», «Бәйтеректен» қаражат бөлінгелі отыр. Сонымен қатар, оған Еуразиялық даму банкі мен Қазақстанның даму банкінен займ тартылады (...) БЖЗҚ-дан барлық ақша тек нарықтық негізде, нарықтық ставка бойынша бөлінетінін атап өткім келеді. Нарықтық ставка - 12 пайыз. Бұл - БЖЗҚ-дағы ақша инвестициялық кіріс әкелуі үшін жасалып отырған қадам. Егер оны ешқайда инвестицияламасақ, онда ол ақшаны инфляция «жеп» қояды», - деді Үкіметтен кейін тілшілердің сұрағына жауап берген Әлихан Смайылов.

Айта кетсек, бұдан бұрын Үкімет отырысында Энергетика вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов магистральды газ желісі құрылысының алғашқы кезеңіне 267 млрд теңге жұмсалатынын, соның ішінде 102 млрд теңге банктерден қарыз ретінде алынатынын, 85 млрд теңге - БЖЗҚ зейнетақы активінің инвестициясы екенін атап өткен еді.

«Сарыарқа»  магистральды газ желісін қазір жұмыс істеп тұрған Қызылорда облысындағы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ желісіне қосу көзделген.

Соңғы жаңалықтар