Қаржы министрі бюджетке түсетін салық түсімдерінің қалай азайғанын айтып берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында мемлекеттік бюджеттің осы жылдың 5 айында атқарылу көрсеткіштері туралы баян етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік бюджетке 3 трлн 420 млрд теңге сомада табыс түсіп, жоспар 102,9%-ке атқарылған. Ал республикалық бюджетке 2 трлн 111 млрд теңге кіріс кірген. Жоспар 94,4%-ке орындалды. Осылайша трансферттерді есептемегенде кіріс бойынша жоспар 125 млрд теңгеге орындалмаған.

«Сыртқы факторлар аясында жоспардың орындалмауына төтенше жағдай кезеңінде бизнесті қолдау бойынша қабылданған шаралар әсер етуде. Салық түсімдерінің азаюы сәуір айынан басталып мамыр айында жалғасты. «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі деректері бойынша, кәсіпкерлік белсенділіктің ең қатты төмендеуі - көтерме және бөлшек саудаға тиесілі. Тауар өткізу айналымы 2019 жылғы мамырмен салыстырғанда 54%-ке немесе 1,2 трлн теңгеге төмендеген. Негізгі экспорттық позициялар бойынша баға 2019 жылдың 5 айымен салыстырғанда орта есеппен 16,4%-ке және жыл басынан бері 13,2%-ке төмендеді. Бұл тау-кен өндіру саласынан түскен салық түсімдеріне әсер етті. Төмендеу - 361 млрд теңге. Құлдырау қарқыны 43,6% құрады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар