Қаржы агенттігі қазақстандық банктің Альфа банк мәртебесін иеленуге келісім берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Банк ЦентрКредиттің» «Альфа банк» мәртебесін иеленуге келісім берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Агенттікке сілтеме жасап.

«БЦК» АҚ Альфа-Банктің 100% дауыс беретін акцияларын сатып алуды және Альфа-банктің «БЦК» АҚ-қа қосылуы түрінде кейіннен қайта ұйымдастыруды жоспарлап отыр», - делінген ресми хабарламада.

Бұдан басқа, «БЦК» АҚ-тың Альфа банктің капиталына кіруі клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерді орындау үшін оны қосымша өтімділікпен қолдауға мүмкіндік береді.

Еске салсақ, 6 сәуірде АҚШ ресейлік банк – Альфа банкке қатысты санкцияларды аясын кеңейтті.

Бұған дейін «Банк ЦентрКредит» Қазақстандағы «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-ны сатып алу туралы туралы айтылған болатын.



Соңғы жаңалықтар