+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қаржаубай Сартқожаұлы індет жайлы: Күш біріктірсек қана бұл қиындықтан құтыламыз

2020 жылғы 8 шілде 23:58
Бөлісіңіз:
Қаржаубай Сартқожаұлы індет жайлы: Күш біріктірсек қана бұл қиындықтан құтыламыз

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемге таралған жұқпалы індет халқымыздың еңсесін баса алмайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеуі жайлы «Отандастар қоры» жанынан құрылған «Қоғамдық қабылдау» комиссиясының мүшесі, жазушы, түркітанушы Қаржаубай Сартқожаұлы осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында карантин режимі 1 айда 1378 рет бұзылған Алматы коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатыр Коронавирус статистикасы өскеніне алаңдамау керек - Алматы әкімі

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған үндеуін тыңдадым. Президент бастамасын толық қолдаймын. Әлемге таралған жұқпалы індет халқымыздың еңсесін баса алмайды. Елімізде карантин режимі ерте енгізіліп, сақтық шаралары уақтылы жасалды. Десе де қазіргі уақытта ауру жұқтырған адамдардың саны артып барады. Біз бірлікте күш біріктірсек ғана бұл қиындықтан құтыламыз. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі алғашқы кезеңнен бастап халыққа ақпарат беріп отырды. Кеткен кемшіліктерді уақыт таразылайды», - дейді Қаржаубай Сартқожаұлы.

Еске сала кетсек , бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеу жариялаған болатын. Президент отандастарымызды халқымыздың басына түскен сынақ алдында қайсарлыққа, сабыр мен жауапкершілікке шақырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT