Қарыз жүктемесін азайту, халықтың әл-ауқатын көтереді -Аналар кеңесі

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған ел азаматтарының қарыз жүктемесін азайту туралы Жарлыққа қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақта «Отан отбасынан басталады» деген жақсы сөз бар. Ата-бабалардан қалған қасиетті сөздің мән-мағынасы өте тереңде жатыр. Тереңірек үңіліп, ақылмен ойланып қарайтын болсақ, әрбір отбасы өз алдына жеке бір Отан. Ал, отбасының әл ауқаты - еліміздің дамуының, өркендеуінің өлшемі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осыған дейін аз қамтылған отбасылардың табысын арттыру, тұрғын үй мәселесін шешу, денсаулық сақтау және білім беру салаларын жақсарту бойынша әлеуметтік бастаманы көтерген болатын. Елбасы мұны тектен тек айтқан жоқ. Еліміз алдымен экономикасын жақсартып алды. Ендігі кезекте халықтың жағдайын көтеру, яғни, ата-ана қамқорлығынсыз өскендер мен көпбалалы және әлеуметтік жағынан әлжуаз топтарға жататын отбасыларды мемлекет қамқорлығына алу. Яғни, сөзбен емес, нақтылы іспен тұрмыстық жағдайын жақсарту. Осы орайда, жаңа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы бастаманы жалғастыру мақсатында ел азаматтарының қарыз жүктемесін азайту туралы Жарлыққа қойды. Бұл дегеніміз халықтың тұрмыстық жағдайы Мемлекет басшысының жіті назарында екенін білдіреді», дейді Зере Қиықова.

Сонымен қатар, ол ел азаматтарының қарыз жүктемесін азайту сияқты игі қадамның тұрмыстық қиыншылықтардан іргесі шайқалып тұрған отбасыларды сақтап, жағдайларын жақсартуда ғана емес, отбасылық құндылықтарды сақтау және насихаттауда да көрініс табатынын айтуда.

«Мәңгілік Елдің» іргесін берік, керегесін кең, шаңырағын биік ететін ұлттың басты құндылығы өрелі ұрпақ, ұлағаты әрі ауқатты отбасы екенін ұмытпағанымыз жөн. Отбасы әл-ауқаты - мемлекет әл-ауқаты», деп түйіндеді З.Қиықова.

Соңғы жаңалықтар