Қарулы Күштердің әскери қызметшілері бір күндік еңбек ақысын «Қазақстан халқына» қорына аударады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері бір күндік табысын «Қазақстан халқына» қорына аудару жөнінде бастама көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған халық қорына өз үлесін қосуға деген ұмтылысын еліміздің Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштерінің бүкіл жеке құрамы қолдады.

Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің 2022 жылғы 11 қаңтардағы отырысында «Қазақстан халқына» атты қоғамдық әлеуметтік қор құруды тапсырды. Аталған қор денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау шеңберіндегі проблемаларды шешумен, оның ішінде Қазақстанның тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларын қолдаумен айналысатын болады.

Қазақстан Президенті бұл қор қоғамды топтастырудың тағы бір құралына айналып, азаматтарда әлеуметтік әділеттілік сезімін нығайта алатынына сенім білдірді.


Соңғы жаңалықтар