Қарулы күштерде жылдың үздік әскери қызметшілері марапатталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қорғаныс министрлігінде Тәуелсіздік күніне арналған онлайн форматта салтанатты жиналыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетерлігі, Тәуелсіздік күні қарсаңында Президент Жарлығымен Қарулы күштерде барлығы 45 әскери қызметші наградталды. Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжанов ІІ-ші дәрежелі «Даңқ» орденімен, авиабаза командирінің орынбасары подполковник Иван Гаврилко ІІ-ші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

«Елбасының стратегиялық шеберлігінің, көрегенді де сыңдарлы саясаты мен парасаттылығының арқасында Қазақстан өңірдегі ең тұрақты ел болып қалыптасты. Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен еліміздің қорғаныс қабілеті ұдайы нығаюда», - деді Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев салтанатты жиында.

Жиында көзге түскен әскери қызметшілерге мемлекеттік награда табыс етілді. Жоғары көрсеткіші мен үлгілі қызметі үшін министрдің бұйрығымен 14 офицерге мерзімінен тыс әскери атақ берілді.

2019 жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Әскер тарланы» конкурсының қорытындысы шығарылды.

Аталған конкурстың қорытындысы бойынша 24 үздік әскери қызметшіге естелік мүсін, диплом мен ақшалай сыйлық табыс етілді.

Қорғаныс ведомствосының басшысы Қарулы күштердің 2020 жылғы нәтижесін атап өтті. Армия коронавирус пандемиясына қарсы іс-шараларға белсенді қатысты, әрі қарқынды дамуын жалғастыруда.

Әуе шабуылына қарсы қорғаныстың, радиоэлектрондық күрестің, әскери-көлік авиациясының қазіргі заманғы құралдарымен жарақтандыру іске асырылып жатыр. Әскерге жаңа қару-жарақ келіп түсуде, қолданыстағы әскери техника жөнделеді және жаңартылады.

Қазіргі қарулы қақтығыстардың тәжірибесін зерделеу негізінде әскерлерді даярлау жетілдіріледі. Арнайы операциялар күштерін дамыту мәселелері басты назарда. Оқыту бағдарламасына армиялық тактикалық атыс енгізілді, армиялық қоян-қолтық ұрыс бойынша сабақтармен қамту кеңейтілді.

Әскери ғылым мен рационализаторлық жұмыс жетілдіріледі. Әскери мамандар дрондарға қарсы қарудың, пилотсыз ұшу аппараттарының, оқу тренажерларының үлгілерін әзірледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қолданған жүйелі шаралар бюджет қаражатын ірі көлемде қымқыруға жол бермеуге, жемқорлықпен құқық бұзушылықтар санының және сол себепті сотталған әскери қызметшілердің ың азайуына мүмкіндік берді.

Әскери қызметшілерді тәрбиелеу процесіне олардың тыныс-тіршілігінің барлық салаларын қамтитын ситуациялық кейстері бар 50 оқу модулі енгізілген.

Командирдің дербестігі мен бастамасын көтермелеу, әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жай-күйін арттыру бойынша шаралар қабылданды.


Соңғы жаңалықтар