+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл шаралар қабылдады

2020 жылғы 22 ақпан 14:56
Бөлісіңіз:
Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл шаралар қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қорғаныс министрлігінде жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуын бақылау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қорғаныс министрі генерал-майор Н.Ермекбаевтың төрағалығымен өткен кеңейтілген отырысқа ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.Бектенов пен ҚР ҚК Бас штабы және ҚМ құрылымдық бөлімшелері басшылары қатысты. Кеңейтілген отырыста ҚМ орынбасары генерал-майор Т.Дәндібаев комиссияның жаңа төрағасы ретінде таныстырылды. Отырыста ҚК сыбайлас жемқорлықты азайту мен алдын алу шараларын одан әрі жетілдірудің жаңа әдістері ұсынылып, комиссия қызметі қорытындыланды. Әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз ету үшін жүйелі шаралар жарияланды. Олар жақын арада қабылданатын болады», - делінген аталған министрлік баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, осыдан біраз уақыт бұрын министрдің шешімімен әскери полиция бас басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі басқармасына ішкі қауіпсіздік өкілеттіктері мен функцияларын беру шешімі қабылданған. Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе әскери ортада сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға өзге де түрде жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу жүйесін белсенді пайдалану ұсынылды.

«Қарулы Күштер қатарында болып жатқан сыбайлас жемқорлық фактілеріне ешкім төзбек емес. Біз үнсіз қалмауымыз керек. Әскерді осындай әлеуметтік зұлымдықтан тазарту шараларын қолдануымыз қажет. Лауазымды тұлғалар үшін «жемқорлық» сөзі төзбеушілік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақтылық сезімін тудыруы тиіс. Қарулы Күштер – мемлекет тұрақтылығының негізі. Сондықтан біздің қатарымызда сыбайлас жемқорлықты азайту маңызды», - деп атап өтті Қорғаныс министрі.

Сонымен қатар, отырыс барысында Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында әскери қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру және азаматтардың сенімін арттыру үшін «Қарулы Күштер - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, жеке және заңды тұлғалардың кедергісіз қол жеткізу терезесі ашылды. Онда барлық ниет білдірушілер 442570, 442571, 442575, 474937 сенім телефондары арқылы сыбайлас жемқорлықтың кез келген фактілері туралы хабарлай алады.

Отырыс қорытындысы бойынша барлық дәрежедегі және деңгейдегі командирлерге әскери ортадағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша жұмысты жандандыру тапсырылды. Сыбайлас жемқорлықты жоюда әрбір әскери қызметшінің жеке жауапкершілігі мен тәртібі маңызды рөл атқаруы тиіс. Ол үшін ҚР ҚК-дің жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар, әдеп нормалары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары лауазымға тағайындау кезінде кандидатураларды қарастыратын аттестаттау комиссияларының қызметі қолға алынады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT