USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Қарулы Күштерде 23 мыңнан астам адам COVID-19 қарсы қайта вакцина салдырды –ҚР ҚМ

2022 жылғы 15 қаңтар 16:34
Бөлісіңіз:
Қарулы Күштерде 23 мыңнан астам адам COVID-19 қарсы қайта вакцина салдырды –ҚР ҚМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының халыққа ревакцинация науқанын жүргізу жөніндегі тапсырмасы аясында Қазақстанның Қарулы Күштерінде жеке құрамды COVID-19-ға қарсы қайта вакцинациялау жалғасуда. Бүгінгі таңда бұл процедурадан 23 мыңнан астам әскери және азаматтық персонал өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да 170 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын салдырды Коронавирусқа қарсы вакцина халал ма, харам ба – имам жауабы Қазақстанда қанша жасөспірім мен жүкті әйелдер Pfizer вакцинасын салдырды

2022 жылғы 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінің отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде коронавирус сырқатының күрт өскенін атап өткен болатын.

– Мемлекет басшысы коронавируспен күресті жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар бұл маңызды міндеттердің бірі. Жеке құрам күнделікті қызметте. Бізге әскери қызметшілерд денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды, – деп атап өтті Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов.

Әскери дәрігерлердің айтуынша, вакцинация курсынан өту және уақтылы өткен ревакцинация – инфекциядан өзіңді қорғаудың сенімді тәсілі. Қорғаныс министрлігінің әскери емханалары мен тіркелген жеріндегі азаматтық емдеу мекемелерінде, сондай-ақ әскери және азаматтық емдеу мекемелерінің көшпелі егу бригадаларының күштерімен COVID-19 ревакцинациясы ұйымдастырылды.

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге жұмылдырылған әскери қызметшілер орналасқан жерде медициналық қамтамасыз ету ұйымдастырылды. Әскери дәрігерлер жеке құрамның денсаулық жағдайын қадағалауда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT